Кәсіпорын туралы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - Инженерлік орталық) 1990 жылғы 7 желтоқсанда құрылған.

Инженерлік орталық өз жұмысын іс жүзінде қалыптастырылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін толық ақпарат ресурстары, ұйымдастыру құрылымы және жүйелі-техникалық кешендері болмай тұрып бастады. Бүгінгі таңда биліктегі заң тарауының ақпарат ресурстарын қамтитын ҚР Парламентінің ақпараттық қорлары, ҚР Парламентінің қызметін ақпараттық қамтамасыз етуін талдау, осы саладағы тәжірибе, проблемалар, жетістіктер туралы айтуға болады. Инженерлік орталық Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметін, дауыс берудің электрондық жүйесін пайдалану, дыбыс күшейту, қос Палатаның жалпы отырыстарының, палаталардың Бюролары мен тұрақты комитеттері отырыстарының сөздерін және ілеспе аудармасын жазу, стенографиялау, жергілікті желілердің есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу, Парламент іс-шараларының сапалы бейне- және фото жазбаларын, бейне материалдарын жазу және монтаждауды жүргізеді: Парламенттің жеке телестудиясында депутаттармен сұхбат, көшпелі іс-шаралар, ресми кездесулердің тікелей көрсетілуін жүзеге асырады.

Қызметі

01
Парламенттің ақпараттық жүйелері мен бағдарламалық қамтылымын әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту

• АЖ және қосымшаларды әзірлеу және ендіру
• АЖ және қосымшаларды сүйемелдеу және жаңғырту
• Мобильді технологияларды дамыту

02
Компьютерлік және шеткері техникаларға, телекоммуникациялық жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету

• ДК, ұйымдастыру техникаларын, телефон және теледидар жабдықтарын пайдалану және қызмет көрсету
• Серверлік, желілік және коммутациялық жабдықты әкімшілендіру және сүйемелдеу
• Диагностикалық және профилактикалық жұмыстар

03
Электрондық дауыс беру, дыбыс күшейту жүйесінің және конгресс-жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

• Дыбыс күшейту жабдығына, сөзді синхронды аударудың көп арналы жүйесіне, аудиожазбаға, электрондық дауыс беру жүйесіне, ақпаратты бенелеп көрсету жүйесіне қызмет көрсету

04
Іс-шараларды стенографиялау

• Парламент Палаталарының іс-шараларын стенографиялауды қамтамасыз ету

05
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

• Парламентте, МТҚБ-да және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау

06
Парламент Палаталары мен МТҚБ-ның ведомстволық архивін жүргізу

• Парламент Палаталары мен МТҚБ-ның ведомстволық архиві қызметін қамтамасыз ету
• Парламент Палаталарының электрондық архивін жүргізу

07
Фото, бейне және телевизиялық қызметтер көрсету

• Фото және видео жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету
• Парламент Палаталарының, МТҚБ мен оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының іс-шараларын фото және бейнемен сүйемелдеу
• Күзетілетін адамдардың қызметін жария ету

Негізгі құжаттар

Кәсіпорынның құрылымы

Азаматтарды қабылдау кестесі

Директор
Сағат 16:00-ден бастап әр дүйсенбі сайын

Уразбаев
Назар Александрович

Директордың бірінші орынбасары
Сағат 16:00-ден бастап әр сәрсенбі сайын

Мырзаханов
Жамбұлхан Советханұлы

Директордың орынбасары
Сағат 16:00-ден бастап әр жұма сайын

Ныгыметова
Гүлнәр Амантайқызы

Директордың орынбасары
Сағат 16:00-ден бастап әр бейсенбі сайын

Байланыстар

Кері байланыс